Су үнемдеу әдісі мен жаңа технологияны қолданудың артықшылықтары баяндалды.
Түркістан облысындағы жұмысшы топ шаруалармен кездесіп, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, ауыл шаруашылығы саласындағы қолдаулар бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады.
Бүгін жұмысшы топ Сарыағаш ауданының агроқұрылым өкілдерімен кездесу өткізді. Кедесуге аудан әкімінің орынбасары Н. Талипов, «Ырыс» МҚҰ басшысы М.Мыңбаев, «Оңтүстік» АИО басқарма төрағасы А.Шырақбаев және Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Н.Мамет қатысты.
Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін берілетін жеңілдетілген несиелер мен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауларға қатысты мол ақпарат ұсынылып, өзгерістер түсіндірілді. Су үнемдеу әдісі мен жаңа технологияны қолданудың артықшылықтары баяндалды.
Кездесу соңында шаруалар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, қажетті ақпарат алды.