ТҮРКІСТАН: ​Жыл басынан бері 151 сот орындаушы жауапкершілікке тартылған

0
3 496

Қазіргі таңда облыс бойынша 10 мемлекеттік сот орындаушылар, 100 жеке сот орындаушылар жұмыс істеуде. Оларда 171 679 атқару құжаты бар.


ТҮРКІСТАН: ​Жыл басынан бері 151 сот орындаушы жауапкершілікке тартылған

Жыл басынан бері Түркістан облысында 151 сот орындаушылар жауапкершілікке тартылып, 17 жеке сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында айтылды. Жиында облыстық жеке сот орындаушылар тарапынан атқарушылық құжаттарды орындау барысында қолданыстағы заңдардың сақталуы талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес баяндама жасаған Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Алмасбек Момбеков жыл басынан бері прокуратурамен жеке сот орындаушылардың іс жүргізуіндегі атқару өндірісіне жүргізілген талдаулар мен тексерулердің нәтижесімен бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, прокурорлық қадағалау актілері енгізілгенін айтып өтті. Атап айтқанда, прокуратурамен 9 наразылық, 5 тәртіптік іс қозғау және 82 ұсыну енгізіліп, қарау нәтижесімен 151 сот орындаушылар жауапкершілікке тартылған. 17 жеке сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылыпты.
Кеңес отырысында Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді. Олардың ішінде уақытылы алиментті төлету, айлық жалақы өндіру, мемлекеттік қызмет көрсету, арыз-шағымдар және өзге де мәселелер жайында кең көлемде айтты.
Қазіргі таңда облыс бойынша 10 мемлекеттік сот орындаушылар, 100 жеке сот орындаушылар жұмыс істеуде. Оларда 171 679 атқару құжаты бар.
Түркістан облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының төрағасы Сауран Мақсат кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізіп отырған жиында кеңес мүшелері сот орындаушылар заң аясында халыққа сапалы қызмет көрсету керектігін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Алимент төлей алмай жүрген борышкерлерді жұмыспен қамту, сот орындаушылардың этикасын жақсарту, жұмыс кабинеттеріне сенім телефонын орнату секілді мәселелерге назар аудару керектігін сөз етті.
Жиын қорытындысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің қаулысы қабылданды.