7, 9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Түркістан қаласында жыл соңына дейін 1000-ға жуық кезектегі тұрғынға баспана беру жаспарланған болуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс барысын бақылап, сапасын тексерді. Рашид Абатұлы "Құрылыс бөлімінің" басшысы Нұрсұлтан Жақсылыққа жұмыстардың кестеге сай жүруі үшін күнделікті бақылау жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Сондай-ақ, жұмыстардың бәсеңдігіне және жұмысшылар санының аздығына сын айтып, қарқынды күшейту қажеттігін ескертті. Осы тұста, жұмыссыз азаматтарды болашақта тұрғындарға баспана жағынан қуаныш сыйлар іске атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына да біршама ескерту жасады.
Жалпы, қазіргі таңда облыс орталығында 7, 9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылысы аяқталған пәтерлерді тұрғын үй кезегіне алты санат бойынша тұрған мыңға жуық тұрғынға беру жоспарланып отыр.