ТҮРКІСТАН: Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды

0
845

Жылыжайларға пайдаланатын қуат көздерін 50%-ға дейін субсидиялау тетіктерін әзірлеу ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен жылыжай мәселесіне қатысты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Оңтүстік Қазақстанның» жылыжай жұмыс керлері қауымдыстығы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі» мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жылыжай шаруашылығындағы қиындықтар жөнінде ашық хат жолдаған болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен осы мәселеге қатысты жиын өтті.ОғанҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Сапаров, Түркістан облысы әкімдігі өкілдері, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов және облыстағы агроқұрылым өкілдері қатысты.


Онлайн режимде өткен жиында түркістандық шаруалар жылыжай шаруашылықтарын қолдауға қатысты ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді. Шаруалар жылыжайларда жарық, газ, көмірге жұмсалатын шығындардың үлесі 45%-ға дейін жететіндігін айтты. Өңірде өсірілген көкөністер, көршілес мемлекеттердіңжылыжайларында өндірілген өнімдермен бәсекеге түсе алмайтындығына,бұның себебі, қуат көздері тарифінің (жарық, табиғи газ, көмір) қымбат болуы екендігіне тоқталды. Сонымен бірге қазақстандық жылыжайлар көрші елдерге қарағанда қуат көздерін ұзақ пайдаланатындығы да айтылды.


Бүгінде Түркістан облысында 1467,4 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар. Республикадағы үлесі – 71 %. Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етіп, импорттық өнімдердің үлесін азайтуда жылыжай кешендері маңызды рөл атқарады.


Жиында Түркістан облысы әкімдігі мен шаруалар тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жолданды. Жылыжайларғапайдаланатын қуат көздерін 50%-ға дейін субсидиялау тетіктерін әзірлеу, отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында көрші елдерден келетін көкөніс, бақша өнімдеріне салынатын салық көлемін ұлғайту, жылыжай шаруашылықтарының несиелерін төлеу мерзімін созу, коммуналдық төлемдерге төленетін тариф көлемін күндізгі және түнгі кезеңге бөліп төлеу жөнінде ұсыныстар айтылды. Осы түйткілдерді алдағы уақытта ҚР АШМ министрімен арнайы талқылау ұсынылды.