Түркістанда 100 шақырымға жуық жол жөндеуден өтеді

0
1 034

Жалпы қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары бойынша оң жақ бұрылыстар, бағдаршамдар, жол белгілері, аялдамалар мен аяқжолдар және жарықтандыру жүйесі жаңартылады.


Түркістанда 100 шақырымға жуық жол жөндеуден өтеді

Түркістан қаласында жол бойына арнайы веложол қарастырылып, жарық бағаналары орнатылатын болады, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Биыл облыс орталығы Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 93,89 шақырым құрайтын 5 көшеге (19,1 шақырым) күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал, 67 көшеге (74,79 шақырым) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүретін болады. Қазіргі таңда 3 көшенің (Б.Саттарханов даңғылы, Шекті-Тілеу – Жібек жолы, Майкөтев көшелері) күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары бойынша оң жақ бұрылыстар, бағдаршамдар, жол белгілері, аялдамалар мен аяқжолдар және жарықтандыру жүйесі жаңартылады.

Абаттандыру шаралары бойынша негізгі жұмыстардың бірі – Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы абаттандыру тәжірибелеріне сүйене отырып Тәуке хан даңғылы, С.Қожанов көшесі бойындағы ХҚТУ және Медициналық колледж сияқты оқу орындарының және тағы басқа да нысандардың жол бойы мен ғимараттары аралығында «Кең көріністі кеңістік» қалыптастырылады. Яғни, темір шарбақ қоршаулар мен жапсарлас салынған уақытша құрылыстарды бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту мен жасыл желектерді абаттандыру арқылы сауда үйлерінің қас беттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіру. Сондай-ақ, жол бойынан веложол қарастырып, жарық бағаналары орнатылатын болады.