Түркістанда бұқаралық спортты дамыту қолға алынды

0
795

Әкім спортты дамыту бойынша тапсырма берді.


Түркістанда бұқаралық спортты дамыту қолға алынды

Қала әкімі Рашид Аюповтың бастамасымен түркістандықтар күнделікті жүгіру, велосипед айдау сынды бұқаралық спортпен айналысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаладағы теннис орталықтары, веложолдар, футбол алаңдары және басқа да спортпен шұғылдануға арналған орындардың бос тұрғанын алға тартқан Рашид Абатұлы бұқаралық спортты дамыту бойынша "Спортты дамыту бөліміне" тапсырма берді. Осы мақсатта, күнделікті іс-шара жоспары түзілді. Қатысуға ниетті азаматтар болса, төменде көрсетілген нысандар аумағында велосипед тебуге қатыса алады. Өзіңіздің жеке велосипедіңізді немесе жеке куәлік арқылы келісімшартқа отырып "Turkistan bike” велосипедІн ақылы түрде пайдалана аласыз.

Веложолдар бойынша уақыт жиілігі:

Вокзал-қақпа – 11,5 км, 45 минут;

Университет-Шипа су – 8,8 км, 35 минут;

Қазыбек би аллеясы – 9,7 км, 38 минут;

Шекті Тілеу-Жолдыаяқ батыр көшесі – 7,7 км, 30 минут;

Қала әкімдігі – 14,8 км, 60 минут;

Қақпа-Әуежай – 8,4 км, 33 минут.