Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысты.
Түркістан қаласында жыл сайынғы халықаралық "Түркі әлемі" ашық турнирі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
20-21 мамыр күндері Түркістан қаласындағы Olympic Center кешенінде жыл сайынғы халықаралық "Түркі әлемі" ашық турнирі өтті.
"Алматы қалалық грэпплинг федерациясы" ұйымдастырған сайыстың өтуіне Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық спорт басқармасы және "Turkistan Qol Oner Одағы" бірлестігі қолдау көрсетті. Яғни, екі күн бойы өтетін сайысқа қатысушылар мен көрермендер түркістандық қолөнершілердің бұйымдары қойылған көрмені де тамашалады.
Айта кетсек, грэпплингтен өтіп жатқан сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысты. Олардың 400-ге жуығы 4-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болса, 30-ы балалар үйінің тәрбиеленушілері.