Түркістанда IT индустриалды паркі салынады

0
266

Меморандумға қол қойылды


Түркістанда IT индустриалды паркі салынады

Түркістанда IT индустриалды паркін салу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды. Іссапар барысында мақта өңдеу зауытын салу, Түркістан облысына тікелей рейстерді ашу, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, туризм, ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ өңір басшысы инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобаларды талқылады.


Осы іссапар аясында облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабек өңірде цифрландыру, ІТ салаларын дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, Түркістанда ІТ индустриалды паркін салу жоспарлануда. Бұл парктің салынуы айрықша оқиғалардың бірі болмақ. Себебі, ІТ саласы әлемде сұранысы жоғары мамандықтардың бірі болып келеді. Сондай-ақ, ІТ саласына қызығушылардың қатарын арттырып, қолдау көрсетуге бағытталмақ.


Айта кетейік, бүгінде технология қарыштап дамып жатыр. IT саласы бойынша білім алушылар саны да артып келеді. Сәйкесінше, бәсекелестер қатары да көбеюде. Осы ретте қоғамдағы цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы жоғары.