Түркістанда қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
65

Қала аумағында 37 302 жарықтандыру нүктесі жұмыс істейді.


Түркістанда қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістанда қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында көше жарықтандыру жүйесін жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді.


Қазіргі таңда қала аумағында 37 302 жарықтандыру нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде, ішкі орам көшелеріне 450 дана шам орнатылған. Барлық шамдар заманауи, энергия үнемдейтін технологиялармен жабдықталған.


Сонымен қатар қазіргі уақытта 30 көшеде жаңа электр шамдарын орнату және жарықтандыру желісін орнату жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.


Жарықтандыру желісі автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Көшелердегі шамдар кешкі 17:00-да қосылып, таңғы 07:00-де өшіріледі. Бұл қала тұрғындарының түнгі уақытта қауіпсіз қозғалуына, қоғамдық тәртіптің сақталуына және қала келбетінің жақсаруына оң әсер етеді.


Алдағы уақытта қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту аясында жарықтандыру желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту, қосымша нүктелер орнату жұмыстары жалғасын табады. Сонымен бірге тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру шаралары да қолға алынған.

Бөлісу