Түркістанда кәріз жүйесі жүргізілген көшелер қайта қалпына келтірілуде

0
85

Бұл жұмыстар бірер күнде толық аяқталады деп жоспарлануда.


Түркістанда кәріз жүйесі жүргізілген көшелер қайта қалпына келтірілуде

Түркістанда кәріз жүйесі жүргізілген көшелер уақытша қайта қалпына келтірілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында орталықтандырылған сарқынды су жүйесіне қосу бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Инженерлік желілерді қайта жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында биыл Түркістан қаласында жалпы 13 нысанда құрылыс жұмыстары басталып, оның 8-і абоненттік және магистральдық желілерге қосылса, 5 жобада магистральдық желілерді тарту жұмыстары жүзеге асуда.


Қаладағы Сауран, Шауғар, Яссы секторларында, сондай-ақ Отырар және Бекзат тұрғын алаптары мен Баянауыл мөлтек ауданында кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Сарыбаев, Ынтымақ, Ы.Дүйсебаев, М.Төлебаев, Н.Оңдасын, Асанов, Мәдениет, Ойсыл Қара, Б.Ахметов, М.Ғабдуллин, Қарағайлы және Қалғансыр көшелері бар.


Сондай-ақ, қазіргі таңда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес барлық сарқынды су желісі жүргізілген көшелерде ауа райының әсерінен туындауы мүмкін қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында уақытша қайта қалпына келтіру үшін тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар алдағы төрт күнде толық аяқталады деп жоспарлануда.


Сарқынды су желісін жүргізу барысында кей көшелерде қазба жұмыстары жүргізіліп, шектеулер орнатылды. Осыған байланысты қала тұрғындарынан түсіністікпен қарап, сабырлық танытуды сұраймыз. Құрылыс аяқталғаннан кейін барлық жол инфрақұрылымы толық қалпына келтіріліп, асфальт төселеді.

Бөлісу