Марқұмның денесіне жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қарт ер адамның мұрны мен қабырғалары сынған, сондай-ақ денесінің бірнеше бөлігінде жарақаттар бары анықталған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Шардара ауданында әкесін ұрып-соғып, азаптап, балағаттаған 41 жастағы ер адамға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Алайда оның әйеліне қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған, деп жазады Otyrar.kz.
Сот отырысына қатысушыларға ер адамның әкесін сабаған сәттері көрсетілді. Видеодан айыпталушының жұбайын да көруге болады.
Марқұмның денесіне жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қарт ер адамның мұрны мен қабырғалары сынған, сондай-ақ денесінің бірнеше бөлігінде жарақаттар бары анықталған. Қазір Жетісай аудандық сотында тергеу деректеріне сәйкес әкесін ұрып-соғып, азаптаған деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың ісін қарауды жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар, бұл мән-жай жазаны жеңілдететін фактор ретінде ескерілуі мүмкін. Сондай-ақ бүгін айыпталушының жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.
“Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Садақбаев өз кінәсін толық мойындады”, – деп мәлімдеді Прокурор Нұрмахан Елшібаев.


