Түркістанда «Қауіпсіз жол» жедел- профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

0
1 529

Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде 3,5 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарудың 39 жайты тіркелді.


Түркістанда «Қауіпсіз жол» жедел- профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел- профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 11 мен 14 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты – жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтауға бағытталған. Оның ішінде автокөліктерді масаң күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдықты тарттыру және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және маневрлау, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон мен рация пайдалану, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесін өту жағдайларымен байланысты жасалған құқықбұзушылықтарды анықтауға негізгі назар салынды.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына Түркістан облысы ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлары және де басқа құрылымдардан барлығы 600-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде 3,5 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарудың 39 жайты тіркелді. Полиция қызметкерлерімен жылдамдықты арттырған 179 жүргізушіге, маневр жасау тәртібін бұзған 123, бағдаршамның тыйым салынатын сигналына өткен 24 және қарама-қарсы жолаққа шыққан 6 жайт бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, ұялы телефон пайдаланған 441 жүргізушіге, қауіпсіздік белдігін қолданбағаны үшін 658 жайт, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген 33 жайт бойынша жол көлік қозғалысын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. «Қауіпсіз жол» ЖПІШ барысында тәртіп сақшыларымен техникалық байқаудан өтпеген 154 жайты, еңбек және демалыс режимін бұзудың 15 жайты, жолаушыларды және багажды заңсыз тасымалдаудың 3 жайты, жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауының 1 жайты және жаяу жүргіншілермен жол көлік қозғалысын бұзудың 216 жайты анықталды.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол көлік қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Облыс жолдарында өз өміріне немқұрайлы қарамай және басқалардың өміріне де қауіп төндірмей, жол қозғалысына қатысушылардың барлығынан бірін-бірі сыйлауға шақырады.