​ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
71


​ТҮРКІСТАНДА КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды - Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай елімізде жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Соның бірі ретінде Түркістан қаласында кітапхана саласы бойынша «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыстың әр ауданынан кітапхана саласында табысты еңбек етіп жүрген 14 кітапханашы қатысып, өзара сайысқа түсті. Сайыстың негізгі мақсаты – кітапханашы мамандығының маңызын арттыру, сала қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін көтеру, үздік мамандарды анықтап, оларға қолдау көрсету, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. I кезеңде - кітапханашылар өз-өзін таныстырса, II кезеңде - кітапханалық қызмет туралы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Ал, III кезеңде - дайындалған викториналық сұрақтарға жауап берілді. Әділ қазы алқаларының шешімімен қос үшінші орынды Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Рысалды Есілбекқызы мен Түркістан қалалық кітапханасының маманы Айсұлу Тұрарбекқызы алды. Екінші орынға Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Мақпал Маратқызы лайық деп танылса, бірінші орын мақтааралдық кітапханашы Сымбат Асанқызына бұйырды. Бас жүлдені Арыс аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері Гүлайхан Жаңабайқызы жеңіп алды.
Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылық ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының және «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының арнайы сыйлықтары берілді.
Бөлісу