Бұл Түркістан тарихында тұңғыш рет орын алмақ.
Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандағы облыстық полиция департаментінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. 470 орынға арналған нысанның жалпы ауданы – 15 мың шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша құрылыс биыл көктемде толық аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ, 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек стансасын салу құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Медициналық мекеме биыл пайдалануға беріледі.
Одан бөлек, Түркістандағы мұз сарайының құрылысы да Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында. Спорттық нысанның құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Қысқы спорт түрлеріне арналған сарайдың құрылысы былтыр тамыз айында басталған. Жалпы жер аумағы 2 гектарға жуық, ғимараттың жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлері дамытылып, үйірмелер ашылады. Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады.