Түркістандық еріктілер құрылысшыларға тәтті бәліштер мен ыстық кофе тарту етті.
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен ерікті жастар бүгін коммуналдық және құрылысшы жұмыскерлерге қамқорлық акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза әлем» жобасы аясында ұйымдастырылған акцияда еріктілер Түркістандағы әрбір нүктелерде тараған жұмыскерлерге, құрылысшыларға көпорынды көлік арқылы қаланы аралап, тәтті бәліштер мен ыстық кофе тарту етіп, күндеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, жастар орталығының қызметкерлері мен волонтер жастар көше сыпырып, қоқыс теріп, қар күреп жұмыскерлерге қолқанат болды.
Жұмысшылардың істеп жатқан жұмыстары өте маңызды, өйткені, таңғы 4-5 тен тұрып ауа-райының қолайсыздығына қарамай, қаланың тазалығы мен сәулеті үшін еңбек ету қандай құрметке болсын әбден лайық.
«Таза әлем» акция арқылы жастардың үлкендерге деген құрметі мен қалаға деген сүйіспеншілігін ұғындыру көзделген. Аталмыш шара, дәстүрлі түрде жыл сайын әр түрлі мезгілде, аудан, қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді.