Көше бойын сыпырып, арамшөптер жұлынып, күл-қоқыстан тазартылды.
Түркістанда кәсіпкерлік палатасы қызметкерлері жаппай тазалық шарасына атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері және өңір кәсіпкерлері кезекті рет сенбілік жұмыстарын атқарды.
Сенбілік барысында мекеме айналасын қоқыстан тазартып, әктеп, сырлау жұмыстары атқарылды. Көше бойын сыпырып, арамшөптер жұлынып, күл-қоқыстан тазартылды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында аудан-қалалардағы бизнес өкілдері кәсіпорын аумақтарын абаттандыруда белсенділік танытты.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Санат Сапарбайдың айтуынша, барлығымыз тазалық жұмыстарына мән берсек, өскелең ұрпаққа үлгі боларымыз анық.
«Сондықтан, кез-келген жұмыс орындары мен кәсіпорындардың айналасын қоқыстан тазартудың маңыздылығы орасан», - деді ол.