Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Түркістанда көрікті жерлерді аралап, саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті, деп жазады inform.kz.
Аталған оқиға 15 сәуір күні сағат 4:17-де болған. «Яссы нұр» серіктестігіне тиесілі 216 шаршы метр бастырма және сол жердегі 14 электромобиль отқа оранған. Өрт сөндірушілер сағат 4:47-де өртті сөндірген.
Адамдар аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетсек, Төтенше жағдайлар министрілігінің есебі бойынша елде тіркелген оқиғалардың 96,5%-ы – техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
«Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі – өндірістік және тұрмыстық өрттер. Олардың көлемі – 88,6%. 2023 жылғы үш айда 2 304 өрт болды, одан 199 адам зардап шекті, 120 адам қаза тапты. Материалдық шығын 703,59 млн теңге», - деп көрсетілген ведомство мәліметінде.