Түркістанда шахматтан ашық біріншілік өтті

0
200

2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты.


Түркістанда шахматтан ашық біріншілік өтті

Түркістанда шахматтан ашық аспан астында біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайысқа шахмат үйірмесінің 2-3 санаттағы жас спортшылары қатысты. Жалпы интеллектуалды ойында 40 оқушы бақ сынады. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, таза ауада, яғни, «Жеңіс» саябағында өткен шахмат жарысын Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ұйымдастырды.


Турнирдің мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, жаздық демалыс уақытында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.