Түркістанда тағы да жаңа нысандар салынады

0
556

Құқық қорғау органдарының ғимараттары салынып жатыр.


Түркістанда тағы да жаңа нысандар салынады

Түркістанда құқық қорғау органдарының ғимараттары салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда Түркістанда құқық қорғау органдарының ғимараттары салынып жатыр. Солардың бірі – Түркістан облыстық прокуратурасының ғимараты. Жеті қабатты нысанның құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы – 2,5 гектар болса, ғимараттың көлемі – 10 мың шаршы метрге жуық.


Сондай-ақ, шаһарда облыстық соттың жаңа кеңсесінің де құрылысы басталды. Оған әкімшілік-іскерлік орталығынан 1,85 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен бірге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті орналасатын нысанның да құрылысы қолға алынған. Ал, Түркістан облыстық полиция департаменті ғимаратының құрылысы жақында аяқталады. Облыс әкімі өңірдің дамуына ықпал ететін маңызды құрылымдарға арналған ғимараттар уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басшылар мен мердігерлермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Тапсырмалар берді.