Түркістанда тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды

0
175

800-ге жуық азамат қала тазалығына өз үлестерін қосты.


Түркістанда тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды

Түркістан қаласында тазалық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Киелі шаһардағы тазалық шарасын өткізуге Тараз, Шойынбет би, Қорқыт ата, Баба түкті Шашты Әзіз көшелері мен Бекзат, Бірлік секторларындағы және 9-көше төңірегіндегі аймақтар белгіленді.


11 мекеме қызметкерлері, қоғамдық негізде жұмылдырылған жұмысшылар, жалпы 800-ге жуық азамат “Таза Қазақстан - Таза қуат” сенбілігіне қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.


Жиналған қоқыс пен шабылған шөптерді тасымалдауға 10 техника тартылды. “Таза Қазақстан” эко-шарасы аясында облыс орталығында аптасына 2 рет тұрақты түрде сенбілік ұйымдастырылып келеді.