Түркістанда «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды

0
2 214

Бірінші кезеңде оқушылар еш мүдірмей, қатесіз Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жатқа айту жағынан сайысқа түссе, екінші кезеңде сұрақ-жауап түрінде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді.


Түркістанда «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды

Түркістанда «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды. Сайысқа еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Түркістан қаласы және Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан 41 оқушы қатысуда.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауитану-2018» Халықаралық білім және өнер сайысының мақсаты- Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектерін, сондай-ақ, Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және музей ісін насихаттау. «Ясауитану» байқауы екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде оқушылар еш мүдірмей, қатесіз Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін жатқа айту жағынан сайысқа түссе, екінші кезеңде сұрақ-жауап түрінде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге қатысты алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап береді.

Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен, ал оларға жетекшілік жасаған ұстаздар арнайы сертификатпен марапатталады. Жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауы 1996 жылдан бастау алады.Аталған жылы қала мектептері арасында ұйымдастырылған сайыс 2006 жылы ауданаралық, 2007-2008 жылдары облыстық, 2009-2015 жылдары республикалық, 2016 жылдан бастап халықаралық деңгейде өтуде.