Түркістанда зәулім үйден өрт шықты

0
1 013

Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ.


Түркістанда зәулім үйден өрт шықты

Түркістан қаласында жеке үйден өрт шығып, көршісінің де үйінің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

14 маусым күні сағат 14.30 шамасында Түркістан қаласы Тәуке хан көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққан. Тілсіз жау тұтанған үйдің 1290 шаршы метр көлемдегі шатыры түгел жанып кеткен. Лаулаған қызыл жалын көрші үйдің шатырын шарпып, 100 шаршы метрі өртенген.

Өрттің тез өршіп кетуіне екпінді жел себеп болды дейді өрт сөндірушілер. Өрттің жалпы аумағы алдын ала болжам бойынша 1390 шаршы метр көлемді құраған.



Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Оқиға орнында Түркістан облыстық полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.


"14 маусымда сағат 14-38-де Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесіндегі үйдің шатыры, алдын ала алаңы 2970 ш.м., және алдын ала көлемі 120 ш.м. көрші жапсарлас салынған жеке үйдің шатырына көшумен өрт шықты. Өрт 15-39 сағатта оқшауланды және 16-34 те өшірілді. Өртті сөндіруге Екпіні 10 м/с жететін жел қиындатты. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Түркістан облысының ТЖД, ПД, "Түркістан Су" және "Ақ Жол" ЖШС 50 қызметкерлері мен 16 бірлік техника шықты,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.






Фото мен видео төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынды.