Жобаның мақсаты - рухы мықты, намысты, қайсар ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып, отансүйгіш етіп өсіру.
Түркістан қаласындағы МКТУ-нің Мәдениет сарайында «Жақсылар, дастан айтайын...» атты ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мектеп оқушылары арасында өткен сайыс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атыныдағы Халықаралық Қазақ Түрік Унивеситетінің –мәдениет орталығында ұйымдастырылды. Үміткерлер қазақ тарихындағы батырлар жырын жатқа айтып, іріктелді.
«Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырып отырған бұл жобареспублика көлемінде кеңінен қолдау тауып, өзге өңірлерде де дәстүрге айналған. Жобаның мақсаты - рухы мықты, намысты, қайсар ұрпақ тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып, отансүйгіш етіп өсіру. Жасөспірімдер былтыр «Қамбар батыр» жырын жатқа айтудан жарысса, биыл «Алпамыс батыр жырын» жаттады.
- Биылғы байқау да Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты қалалар мен аудандарда ұйымдастырылды. 5-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылғанн алғашқы іріктеу сынынан 33 оқушы топ жарып, байқауға қатысуға мүмкіндік алды, дейді Оңтүстік Қазақстан Қазақстан газетінің бас редакторы Абай Балажан.