Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

0
122

Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.


Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.


«Түркі елдерінің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне де тікелей байланысты», деген қала басшысы тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.


Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.


Шараға 500-ге жуық түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.


Айта кетейік, облыс аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Биыл бағдарлама аясында 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Бөлісу