​Түркістанда жаңа демалыс орын ашылды

0
255

Ашылу салтанаты Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өтті.


​Түркістанда жаңа демалыс орын ашылды

ERNUR.KZ. Әкімшілік-іскерлік орталықта жасанды көлі бар заманауи саябақ ашылды! Бұл – қаладағы 110-шы саябақ және нағыз табиғатпен тыныстайтын жаңа кеңістік.

Ашылу салтанаты Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өтті. Қала тұрғындарына арналған концерт, цирк, аниматорлар, балалар алаңдары мен спорттық жарыстар – бәрі керемет көңіл күй сыйлады!
Жаңа саябақта:
– 19 500 м² жасанды көл
– 92 метрлік көпір
– 8 мың ағаш, субұрқақтар, сарқырамалар
– Тамақтану аймағы мен тынығуға арналған жайлы орындар бар.
Бұл саябақ Түркістанның жасыл әрі жайлы қалаға айналу жолындағы тағы бір маңызды қадам!