«Түркістанда жасалған» отандық өнімдердің саны артып келеді

0
1 192

Түркістанда «BIRLIK» брендтік атауымен Түркістанда жасалған резеңке-шәркей өнімін шығаруда.


«Түркістанда жасалған» отандық өнімдердің саны артып келеді

Түркістандық кәсіпкер Кутлукхан Вахапов өз кәсібін дөңгелетіп, бүгінде 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтып бизнесін өркендетіп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірнеше кәсіп түрімен айналысатын ол өндірген өнімдерін респубикамыздың бірқатар қалаларына жөнелтуде..

Алдымен, «BIRLIK» брендтік атауымен Түркістанда жасалған резеңке-шәркей (сланцы) өнімі жайында айтсақ. Былтырғы жылы іске қосылған цехта 12 түрлі резеңке-шәркей, қысқы мезгілге арналған галош (қонышы ұзын және қысқа түрі), жұқа резеңке бәтеңке шығарылады.

Кәсіпкердің сөзінше, негізінен 24 ал, қажеттілігіне қарай қысқы уақытта 40-қа тарта жұмысшы жұмыс жасайтын шағын кәсіпорын тәулігіне 5 мың дана аяқ киім өндіруге қауқарлы екен. Мұндағы жұмысшылардың жалақысы 60-70 мың теңге аралығында.

Сондай-ақ, оншақты жылдан бері 40 га жер теліміне мақта егумен айналысатын Кутлукхан Расулұлы биылғы жылы егістік алқабын ұлғайтқан. Қосымша 50 га жерді жалға алып, су ұңғымасын (артизан) қаздырған. Жоспар бойынша оның 10 гектарына «Түркістан» деп аталатын мақта сұрпын егуді жоспарласа, 10 гектарына 1000 түп ағаш отырғызған.

Мақтаны өңдеуге арналған цехы да бар. Шикізатпен тігін цехындағы іскерлер жұмысшыларға арналған жатын орын жабдықтарын пішеді. Тағы матрас цехында жұмыс қызу. Матрастар - Ақтөбе, Қызылорда, Алматы сынды ірі қалаларға тапсырыспен арнайы тігіліп, жеткізіледі.