Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының кәсіби мерекесі аталып өтті

0
93

Қызметтік міндеттерін адал және үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының кәсіби мерекесі аталып өтті

Түркістан қаласындаеліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген ардагерлер менқызметкерлерінің қатысуыменсалтанатты шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін – ҚР жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орайТүркістан қаласындаеліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген ардагерлер менқызметкерлерінің қатысуыменсалтанатты шара өтті.


Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Қуанышбек Құлымбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, жергілікті әскери басқару органдарының құрылу тарихы мен жетістіктері туралы айтты. Ол жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің, әскерге дейінгі жастарды кәсіби бағдарлаудың және әскери қызметтің беделін арттырудың маңыздылығын атап өтті.


Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары құрылған төрт жыл ішінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына 15 мыңнан астам жас әскерге жіберілді. Үш жыл қатарынан «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері «Айбын» республикалық жастар жиыны аясында жүлделі орындарға ие болып, үздік нәтижелер көрсетіп келеді.


Салтанатты жиын барысында қызметтік міндеттерін адал және үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлероблыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу