Түркістанда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0
89

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу көрсеткіші 30%-ды құрайды.


Түркістанда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын Б.Майлин көшесінде жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу көрсеткіші 30%-ды құрайды. Жоба аясында жол сапасын жақсарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және заманауи талаптарға сай инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында төрт жолақты асфальт жол, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ және жасыл белдеулер мен жол белгілері орнатылмақ.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3 шақырым бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары тәулік бойы қарқыны жүргізіліп жатыр.

Бөлісу