Түркістандағы ескек есу кешені су спортының дамуына серпін берді

0
75

Жыл басынан бері аталған мектептің спортшылары 481 медальға қол жеткізген.


Түркістандағы ескек есу кешені су спортының дамуына серпін берді

Түркістандағы ескек есу кешені су спортының дамуына серпін беріп, қоржынға 481 медаль түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістанда халықаралық талапқа сай және Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу кешені ашылды. Бұл нысанда бірнеше республикалық және халықаралық жарыстар өтіп, өңірде су спортының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Осы қолдаулар нәтижесінде Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі биыл жеңіп алған медальдар бойынша жаңа рекорд орнатты. Жыл басынан бері аталған мектептің спортшылары 481 медальға қол жеткізген. Атап айтқанда, 182 алтын, 186 күміс, 113 қола медаль еншіледі.


Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Денис Жәрменовтің айтуынша, биыл 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 ҚР спорт шебері, 18 ҚР спорт шеберіне үміткер дайындалды.


– Спорт мектебінде 5 олимпиадалық және 1 паралимпиадалық спорт түрлерінен, атап айтқанда, байдарка мен каноэде есу, ескек есу, желкенді спорт, жүзу, триатлон және параканоэден спортшылар даярланады. Түркістанда ескек есуі каналының ашылуы біздің спортшыларға серпін берді. VI Жастар спорт ойындарында байдарка мен каноэде есу шеберлері 17 алтын, 19 күміс және 5 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл бөлімшенің есебінде барлығы 226 медаль бар. Оның ішінде республикалық жарыстарда 93 алтын, 70 күміс, 52 қола медаль жеңіп алдық. Халықаралық жарыстарда ескекшілер 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді, – дейді спорт мектебінің директоры.


Параканоэ бөлімі республикалық жарыстарда облыстың қоржынына 4 алтын және 1 қола медаль салды. Халықаралық жарыстарда 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Ал академиялық стильдегі ескекшілер 119 медаль жеңіп алды. Оның ішінде республикалық біріншіліктерде 36 алтын, 53 күміс және 17 қола еншіледі. Халықаралық жарыстарда 11 күміс және 2 қола медаль бар.


Жүзу шеберлері 57 медаль жеңіп алды. Оның ішінде республикалық жарыстарда 16 алтын, 14 күміс және қола 15 медаль бұйырды. Халықаралық жарыстардан 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль бар.


Желкенді спорт өкілдері 62 медаль жеңіп алды. Оның ішінде республикалық біріншіліктерде алтын 20 алтын, 29 күміс және 13 қола жүлде бар. Триатлоншылар 8 медаль еншілеген. Оның ішінде республикалық жарыстарда 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Ал халықаралық жарыстарда 1 қола медаль алды.

Бөлісу