Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков барды.
фото: tengrinews.kz.
Қазығұрт ауданында орын алған Ірі көлік апатынан 15 адам зардап шеккен, 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков барып, аудандық ауруханаға түскен зардап шеккендердің жағдайымен танысты. Генералға аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байтугелов айтқандай: Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам бар, оның 8-і жан сақтау бөлімінде, бір зардап шеккен адамға ота жасалды, қалғандарына хирургиялық көмек қажет емес. Зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық.
"Бұл республикалық маңызы бар жол. Жол-көлік оқиғасы ауа райының салдарынан көктайғақ пайда болған көпірде орын алды. Сондықтан жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау, маневр жасау ережелерін бұзбау, бір-біріне құрметпен қарау, жол бойында орналасқан жол белгілеріне назар аударуларыңызды өтінеміз. Сондай-ақ, жазғы автокөліктердің дөңгелектерін қыс мезгіліне қайта жабдықтау қажет және тағы да жол қауіпсіздігін, әсіресе мұндай қолайсыз ауа райында абай болуды ескертеді" - дейді Полиция генерал-майоры Қ. Дальбеков.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 11:00 шамасында Алматы-Термез автожолының 765 шақырымында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының аумағында 4 автокөлік соқтығысты: екі Нексия автокөлігі, Джетра және Хундай көліктері бір бағытта келе жатқан. Нәтижесінде ЖКО салдарынан Хундай автокөлігі өртенді. Әр түрлі дене жарақаттармен ауруханаға 15 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта ауруханада 11 адам, оның ішінде 8 адам жансақтау бөліміне жатқызылды.
Сондай-ақ Шымкенттік нейрохирургтер ірі жол апатынан зардап шеккендерге ота жасау үшін Қазығұртқа санавиациямен шұғыл жеткені туралы да хабарлаған болатынбыз.
Аталған жол-көлік оқиғасы жайты бойынша облыс анықтаушылары ҚР ҚК 345- бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын толық анықтауда.
Дереккөз:Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі