Түркістандағы заманауи мешіттің құрылысы аяқталуға жақын

0
139

Құрылыс алаңында 30-дан астам жұмысшы мен 9 арнайы техника тұрақты жұмыс істеуде.


Түркістандағы заманауи мешіттің құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан қаласына кіреберіс аумақта бой көтеріп жатқан шығыстық нақыштағы еңселі мешіттің құрылысы мәресіне таяп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлемдік озық сәулет үлгілері мен заманауи технологиялар ұштастырылған нысан қала келбетіне айрықша сән беретін ірі рухани орталықтардың бірі болмақ.


Қазіргі таңда мешіттің қасбетіне әрлеу жүргізу, мұнараларын орнату, электр және сумен жабдықтау желілерін тарту, сондай-ақ терезелерін орнату жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Құрылыс алаңында 30-дан астам жұмысшы мен 9 арнайы техника тұрақты жұмыс істеуде.


Заман талабына сай салынып жатқан нысанның құрылыс барысымен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы барып танысты. Қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, нысан аймағындағы көгалдандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Жобаға сәйкес, мешіт бір мезетте 5 мың адамды қабылдай алады. Ислам орталығының жалпы аумағы 4 650 шаршы метрді құрайды. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген сәулетті ғимараттың жер көлемі 7,7 гектарды алып жатыр.

Бөлісу