Түркістанды түлетуге келестіктердің де еңбегі сіңіп жатыр

0
632

Түркістан қаласына Аллея тарту етіп, 15 мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды.


Түркістанды түлетуге келестіктердің де еңбегі сіңіп жатыр

Түркістанды түлетуге келестіктер орасан үлесін қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар жанданып, соның ішінде 15-сектор облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданының еншісіне берілді.


Қазіргі уақытта берілген тапсырманы орындау мақсатында келестіктер іске кірісіп кетті. Келес ауданына қарасты аумаққа тоқталсақ, жалпы ұзындығы 14 шақырымнан асатын 20 көшені құрайды. Жоспар бойынша 5000-нан аса ағаш көшеттерін отырғызылу көзделген. Сонымен қатар, 53 256 м2 аумаққа газон егу жұмыстары да жоспарланған.


Келес ауданының еріктілері де Түркістанды түлетуге атсалысуда. 20-дан астам ерікті Түркістан қаласындағы Келес ауданына қарасты 15-сектор аумағына барып, жергілікті тұрғындармен тілдесуде. Келестік еріктілер тұрғындармен қоршаған орта, сонымен қатар келестіктермен бірге киелі шаһарды көркейту мақсатында өзі тұратын үй аумағының тазалығына тұрғындардың да жауапкершілікпен қарауын айтып, әрбір үйге кіріп түсіндіру жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар сектор аумағында Келес ауданынан барған 40 азамат сенбілік жұмыстарын жүргізуде.


Еске сала кетейік, Келес ауданы осыған дейін Түркістан қаласына Аллея тарту етіп, 15 мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, оларды күтіп баптау бағытындағы жұмыстарды атқарды.