Түркістандық 100 қолөнер шебері Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

0
99

"Аламан құрақ" – бұл тек қолөнер көрмесі емес. Бұл – ұлт рухының жаңғыруына бағытталған ірі мәдени бастама.


Түркістандық 100 қолөнер шебері Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін

Алматы қаласындағы "Медеу" мұз айдынында ұлттық қолөнерді ұлықтауға арналған ерекше көрме өтті.

Бұл – белсенді қолөнер жанашыры, өнертанушы Нұргүл Абайханның бастамасымен жүзеге асқан "ALAMAN QURAQ-2025" жобасы аясындағы айтулы шара. Аталған жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер ретінде ұсынылып отыр.

Көрмеде 660 құрақ көрпеше мен ұлттық нақыштағы "Алма жастық" үлгілері қойылды. Көрменің басты символына айналған қызыл оюлы Алма жастық - Алматы қаласының бейнесін паш етсе, республиканың түкпір-түкпірінен келген 660 құрақшы өз қолымен дайындаған көрпешелерін ұсынды. Олар ұлттық киім киіп, халқымыздың көне өнерін заманауи деңгейде танытты.
Жобаға Түркістан облысынан 100 құрақшы қатысты. Олар ұлттық өнердің ұлықталуына өзіндік үлесін қосып, ерекше шараға белсене қатысты.
"Аламан құрақ" – бұл тек қолөнер көрмесі емес. Бұл – ұлт рухының жаңғыруына бағытталған ірі мәдени бастама. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық сананы тәрбиелеу, дәстүр мен өнерді ұштастырып, ата-бабадан қалған рухани мұраны келер ұрпаққа аманаттау.
Бөлісу