Түркістандық әжелер рухани астанаға саяхаттады

0
1 243

Иықтарына бір-бір ақ жаулық жапты.


Түркістандық әжелер рухани астанаға саяхаттады

Төлебилік әжелер Түркістан шаһарына саяхаттады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, әжелер алқасының төрайымы Әлима Темірбекованың демеушілік жасауымен Ленгір қаласы мен ауылдық округтердегі әжелер алқасының мүшелері рухани астана, екінші Мекке саналатын киелі Түркістан шаһарына саяхаттады.

Ленгір қаласындағы аудандық мәдениет үйінің алдында жиналған әжелерге: «Әжелерді Түркістан қаласына алып барып, зиярат жасап қайтсақ деген ниетім бар еді. Қасиетті Рамазан айының алдында осы ниетіме жетудің сәті түсті. Бүгінгі сапарымыз оңынан болсын. Мұсылманшылықтың алтын бесігі саналатын киелі мекенде тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын!», - деген Әлима Артыққызы иықтарына бір-бір ақ жаулық жапты.

Әжелер алдымен Отырар жеріндегі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған Арыстанбабтың кесенесіне барып, аруақтарға құран бағыштады. Содан соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, дұға жасап, тілектерін айтты. Көркейіп, жаңаша келбетке ие бола бастаған әулиелі жерді аралады. Күні кеше ашылған «Керуен сарай» кешенін тамашалады.