Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын былғары қолғап шеберлерінен 44 келі салмақ дәрежесінбе бақ сынаған Абдикадир Нурислам жүлделі 2 орынға қол жеткізді
Қазан айының басында Жамбыл облысының Меркі ауданында Меркі ауданының 90-жылдығы және ҚР спорт шебері Болат Намысбековты және жаттықтырушысы Жұмағали Байтиковты еске алуға арналған XVIII-халықаралық турнирі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықтылар сайысында , Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-де жаттығатын былғары қолғап шеберлерінен 44 келі салмақ дәрежесінбе бақ сынаған Абдикадир Нурислам жартылай финалға дейін айқын басымдықпен ұтып, финалдық кездесуде бар күш жігерін салған Нурислам қарсыласына есе жіберіп , жүлделі 2 орынға қол жеткізді.
46 келі салмақта Ералы Бақдаулет жүлделі 3 орынды қанағат тұтса. 66 келі салмақта бақ сынаған Тұрысбек Марлен ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп , шешуші сайыста ұпай санымен есе жіріп күмістен алқа тақты. Ең қызықты әрі ең жоғары салмақта +80 келіде өнер көрсеткен Роман Дияр бабы мен бағы келіскен шебер спортшы екенін тағы да дәлелдеді.
Жартылай финалда жергілікті спортшы Меркілік қарсыласын накаутқа түсіріп айқын басымдықпен ақтық сынға жолдама алды, ақтық сында Тараздық қарсыласын накдаунмен есенгіретіп төрешінің шешімімен уақытынан бұрын жеңіске жетіп, абыроймен алтыннан алқа тақты. 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізіп облыстың атағын одан әрі асқақтатты.