Балалар үшін концерттік бағдарламалар жүргізіліп сыйлықтар берілді.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен мерекелік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Балаларды қорғау күні мерекесі күнінде Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелерде балаларға ашық есік күні мен мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Түркістан облысының педиатр, онколог, пульмонолог, кардиохирург, кардиолог, сурдолог, хирург, уролог, нейрохирург, травматолог- ортопед, ЛОР дәрігері, эндокринолог, нефролог, невролог, сурдолог, офтальмолог, гастроэнтеролог, аллерголог психолог және логопед мамандары балаларға қабылдау жүргізіп, кеңестерін берді.
Жалпы өңіріміз бойынша жүздеген бала қаралды. Іс-шаралар барысында балалар үшін концерттік бағдарламалар жүргізіліп сыйлықтар берілді.