Түркістандық депутаттар мәселелерді назардан тыс қалдырмайды

0
630

Депутаттық мандат – халықтық аманат.


Түркістандық депутаттар мәселелерді назардан тыс қалдырмайды

Түркістан облыстық мәслихатының құрамындағы партия мүшелерінің журналистермен кездесуі жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы белгілеген міндеттердің орындалуы бойынша мемлекеттік өкілді орган – Түркістан облыстық мәслихатының құрамындағы партия мүшелерінің журналистермен кездесуі жалғасуда. Бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібай, Талғат Нұралиұлы Садуов және Ханай Асанұлы Аширбеков шығып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған басымдықтардың іске асырылуын баяндады.


Депутат Ғалымжан Қамытбекұлысайлауалды бағдарламаның негізінде түзілген жол картасындағы әрбір көрсеткіштің орындалуына жауапты мәслихат депутаттары бекітілгенін хабарлады. Соның ішінде қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан қозғалған мәселелердің оңтайлы шешілуін бақылау ісіне баса назар аударылғанын жеткізді.


«Жол картасында қозғалған мәселелер, сайлаушылардың қоғамдық қабылдауларда айтқан талап-тілектері бойынша тиісті мекеме басшыларына депутаттық сауалдар жолданып, олардың орындалуы облыстық мәслихаттың назарына алынған. Қоғамдық қабылдауды тек кабинетте емес, елді мекендерге барып, қарапайым көпшіліктің ортасында өткізуге басымдық беріп отырмыз. Көшпелі форматта бірнеше қоғамдық қабылдауды Төлеби ауданында өткізіп, тұрғындар көтерген мәселелердің оңтайлы шешілуіне жәрдемші болдық»,- деп атап өтті Ғалымжан Қамытбекұлы.


Партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаттары өткізген көшпелі қоғамдық қабылдауда салынғанына он жыл өтер-өтпес мерзімде апатты деп танылған Қостөбе ауылдық мектебінің мәселесі арнайы қаралған. Нәтижесінде мектеп күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс нысандар тізбесіне еніп, білім ұясын қалпына келтіруге қаржы бөлінген. Қасқасу ауылдық округіндегі көшелерді жарықтандыру, осы округке қарасты елді мекендерді табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары бойынша да депутаттық ықпал етудің нәтижесінде ілгерілеушілік бар. Ғалымжан Қамытбекұлы өз бақылауына алған мәселелердің қатарында Түркістан өңіріндегі футбол клубтарының ахуалын жақсарту, жұмыс нәтижелілігін арттыру міндеттемесін алғанын да жеткізді.


Кентау қаласы бойынша облыстық мәслихат депутаты болып сайланған Талғат Нұралиұлы Садуов партияның сайлауалды бағдарамасын іске асыруда Кентау қаласының ең өзекті мәселесі болып отырған №5 жылу энергоорталықтың қалыпты жұмыс істеуі тұрақты назарға алынғанын жеткізді. Қаланың өндірістік әлеуетін нығайту, халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру сынды мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынғанын айтты. Кентау қаласындағы 4 спорт мектептерінің инвентарлық базасын нығайту, жалпы білім беретін 24 мектептегі пән кабинеттерінің жабдықталуы, олардың заманауи қауіпсіздік жүйелерімен қамтылуы бойынша депутаттық корпус тарапынан айрықша бақылау орнатылғанын мәлімдеді. Қаладағы №24 Т.Рысқұлов атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, үш ауысымды мектептер мәселесінің шешілуі партиялық бақылауға алынғанын, оның құрамында мәслихат депутаттары да кіретінін жеткізді.


Ал облыстық мәсихат депутаты Ханай Асанұлы Аширбеков партия айқындаған басымдықтарды іске асыруда партияның облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңеске жетекшілік ететінін мәлімдеді. Кеңестің жуырда өткен мәжілісіндезаңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл мен жастар арасындағы лудомания мәселесі, партияның өңірлік жол картасына енген тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын жеке зерттеу тақырыбы қаралғанын жеткізді. Қоғамның дертіне айналып бара жатқан лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгінПарламент Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен өткен Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысында қаралғанын айтып өтті.


Брифинг барысында журналистер брифинг спикерлеріне күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Депутаттар партияның құжаттарымен айқындалған басымдықтар жөнінде түсінік беріп, депутаттық мінбер арқылы қоғам тарапынан қойылып отырған сұраныстардың мазмұнымен таныстырды.