Түркістандық диқандар қырыққабат жинауды бастады

0
2 690

900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған.


Түркістандық диқандар қырыққабат жинауды бастады

Жетісайлық диқандар 120 тонна қырыққабатты артып үлгерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі - 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған.

Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан "Шаблан" шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол есімді шаруа 50 тонна өнім жинаған. Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға және республика аумағына жөнелткен.

Одан бөлек, шаруалардың тындырымды еңбектерінің арқасында былтыр ауданда 65,5 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, оның ішінде мал шаруашылығы - 13 млрд 99 млн теңге, ал өсімдік шаруашылығы - 8 млрд, 320 млн теңгені құраған. Тиісінше былтырғы жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артық өндірілген. Аталған салаға 2020 жылы 2 млрд 600млн теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі екі есеге артқан. Күзгі және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 9500 тонна жанар-жағармай шаруаларға үлестірілген.