Түркістандық дзюдошылар ел чемпионатынан жеңіспен оралды

0
810

3 алтын, 4 күміс жəне 1 қола медаль жеңіп алды.


Түркістандық дзюдошылар ел чемпионатынан жеңіспен оралды

Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Айтулы сында Түркістан облысының спортшылары 3 алтын, 4 күміс жəне 1 қола медаль жеңіп алды.


50 келі салмақта Рамазан Сүйіндіков алтын медаль иеленсе, сонымен қатар, болашағы жарқын талантты балуан Сардар Әбдісамитұлы +90 келі салмақта жеңімпаз атанды. Ал қыздар арасында 63 келіде сынға түскен Қарлығаш Тельман да жеңістің шыңын бағындырды.


Түркістандықтар – Әділет Ілесбек пен Алихан Назымханов, Гүлназ Өмірбек пен Ақбота Қыдырәлі күміске иелік етсе, 90 келіде күш сынасқан Қалмырза Нұрдәулетке қола жүлде бұйырды. Балуандарымыз командалық есепте екінші орынды еншіледі.