Түркістандық гандболшылар ел чемпионы атанды

0
78

«Тұран» клубы барлық команданы айқын басымдықпен ұтты.


Түркістандық гандболшылар ел чемпионы атанды

Гандболдан Түркістан облысының «Тұран» командасы ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласында гандболдан жоғарғы лига командалары арасында Қазақстан Республикасының ХХХІІІ чемпионаты өз мәресіне жетті. Биыл ел біріншілігінде 5 команда бақ сынап, маусым қорытындысы бойынша үздіктер анықталды.


Тартысты кездесулер нәтижесінде үш тур бойы қарсыластарына дес бермеген Түркістан облысының «Тұран» клубы барлық команданы айқын басымдықпен ұтып, ел чемпионы атанды. Күміс жүлде «Астана» командасына бұйырса, Алматы облысының «Алатау» клубы қола медальға қол жеткізді.


«Тұран» командасының осы жеңісіне бапкерлер Махсадбек Нарметов, Буниятжан Акрамжанов және Валерий Певницкийдің еңбегі зор.


Биылғы ел біріншілігіне Астана («Астана»), Шымкент («Шымкент»), Алматы облысы («Алатау»), Павлодар облысы («СДЮШОР-2»), Түркістан облысы («Тұран») командалары қатысты.


Айта кетейік, «Тұран» командасының чемпион атануына облыстық спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияровтың қолдауы зор болды. Сондай-ақ «Тұран» спорт ойын түрлері клубының басшылығы да командаға жан-жақты жағдай жасап, ортақ жеңіске үлес қосты.

Бөлісу