Түркістандық кәсіпкерлер жекеменшік жатақхана салу бойынша көш бастап тұр

0
562

32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.


Түркістандық кәсіпкерлер жекеменшік жатақхана салу бойынша көш бастап тұр

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында жекеменшік мектептер мен студенттік жатақханалар салу жобалары сөз болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «жекеменшік мектептер мен студенттік жатақханалар салу тиімді ме?» деген сұрақ аясында жиын өтіп, бұл туралы "Қаржы орталығы" АҚ өкілдері мәлімдеме жасады.


«Студенттік жатақхана мен жекеменшік мектептер салуға ниетті азаматтарда жобаға қатысу үшін ең алдымен капитал немесе қарыз қаражатын тартуға мүмкіндік және жер телімі болуы қажет. Студенттік жатақханаларды салу жобасы жоғары сұраныста. Бұл жоба бойынша Түркістан облысы өңірлер арасында бірінші орында. Бүгінгі таңда елімізде студенттер тұруы үшін 63 мыңнан астам орын-жайды жасау қажет. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік», - деді "Қаржы орталығы" АҚ өкілі Азамат Сатыбалдин.


Атап өтсек, мемлекет төлемдерінің мерзімі аяқталғаннан кейін нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу болмақ.


Айта кетейік, алдын ала жасалған шарттар, жергілікті бюджет қаражаты, нысаналы құрылыс, меншікті қаражат және демеушілік қаражат есебінен 2022 жылы 11 057 орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бөлісу