Түркістандық келіншек 35 жасында алғаш рет ана атанып, үш сәбиді дүниеге әкелді

0
148

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік өте күрделі өткен.


Түркістандық келіншек 35 жасында алғаш рет ана атанып, үш сәбиді дүниеге әкелді

Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығында ерекше қуаныш. 35 жастағы Төлеби ауданының тұрғыны алғаш рет ана атанып, бірден үш сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келген үшемдер ота арқылы босандырылған. Нәрестелердің бірі 2120 грамм, екіншісі 1610 грамм, ал үшіншісі 2190 грамм салмақпен туған.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік өте күрделі өткен. Анада ауыр дәрежелі преэклампсия, үшем жүктілік, эпилептиформды синдром, гестациялық пиелонефрит секілді бірқатар қауіп факторлары болған. Соған қарамастан, облыстық перинаталдық орталық мамандарының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында ана мен сәбилерге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда үшемнің жағдайы жақсы. Барлығы анасының жанында, ана сүтін еміп жатыр. Сәбилерге ата-анасы Фатима, Зухра және Хасан деген есім берген.

Бір отбасының көптен күткен бақытына айналған үшемдерді дәрігерлер аман-есен үйлеріне шығарып салды. Бақытты ананың ақ халатты абзал жандарға деген алғысы шексіз.

Бөлісу