Түркістандық оқушы зорлық көрсету бойынша тергеліп жатыр

0
1 134

Жалған ақпарат таратпауды сұрады.


Түркістандық оқушы зорлық көрсету бойынша тергеліп жатыр

Түркістан облысында жоғары сынып оқушысы жасөспірім қызға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Полиция қызметкерлері Сайрам ауданы тұрғынының арызы аясынд кәмелет жасына толмаған танысы тарапынан оның кәмелетке толмаған қызына қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


"Бұл факт бірден ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі бойынша "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда және сараптамалардың нәтижесімен заңды процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық істі тергеу полиция департаменті бастығының жеке бақылауында", - делінген ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.


Сондай-ақ, құзіретті орган ресми дерекке сүйеніп, жалған ақпарт таратпауды сұрады.