Түркістандық отбасы үйіргелік жерден үшінші өнімін алды

0
841

Суғарудың тиімді әдісін қолданған.


Түркістандық отбасы үйіргелік жерден үшінші өнімін алды

Түркістан облысында тұратын еңбекқор отбасы үйіргелік жерден бір жылда үшінші рет өнім алуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданының бірқатар тұрғындары биыл тамшылатып суғару әдісін пайдалану арқылы осы жылға үшінші рет өнім алып жатыр. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Көлкент ауылдық округіне барып, іс-сапар барысында Ақсуабад ауылы, Тұмар көшесінде тұратын азамат А.Азимбаевтың үйіргелік жеріне жүргізілген тамшылатып суғару жүйесімен және диқанның жұмысымен танысты.

Үй иесінің айтуынша, ол шағын ғана жер телімінен бүгінде екінші рет қияр өнімін жинап жатыр. Сол жерге қиярмен қатар жүгері де егіпті. Бұл биылдыққа үшінші өнім болмақ.

Суғарудың осы бір тиімді әдісін қолданған Көлкент елді мекеніндегі «Олжа» шаруа қожалығы да жуырда екінші өнімін жинауға дайындалып жатыр екен. Айта кетсе, бір жерден жылына екі, үш өнім алу өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасы.

Сапар соңында аудан басшысы Ақсуабад ауылының №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебін аралап, білім беру нысанының алдағы оқу жылына дайындығына көз жеткізді.