Түркістандық полицей зорлық-зомбылықты тоқтатты

0
1 349

Түркістан облысында бірнеше жылдан бері күйеуінен зәбір көріп жүрген әйелге полиция қызметкері көмектесті.


Түркістандық полицей зорлық-зомбылықты тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатып, алғыс алды, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш аудандық полиция бөлімі,Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Кубегенова Ақтолқын Серікқызына бірнеше жылдан бері күйеуінен зәбір көріп жүрген әйел алғысын білдірді.

Себебі, өз ісінің шебері, полицей Ақтолқын жәбірленуші әйелдің отбасымен тығыз байланыста болып, психологиялық көмек пен моральдық қолдау көрсете білген. Соның салдарынан отбасында тыныштық орнап, барлық мәселелер шешіліп, балалар алаңсыз өмір сүруде. Отбасында зорлық-зомбылық көрген ауыл тұрғынының айтуынша, бұл жағдай жылдар бойы жалғасып келген. Тіпті, жеке қоғамдық бірлестіктерге, Әлеуметтік сүйемелдеу орталықтарына және басқа да көмек бере алады-ау деген мекемелерге арызданған.
Бірақ, ешқандай мекеме, ешкімде оның мәселесіне назар аудармапты.

Кезекті мекемеге арыздануға барғанында, Трек пунктінде полиция қызметкерінің суреті мен байланыс телефонын көріп, хабарласқан. Міне, осыдан бастап, әйелдерді қорғайтын Ақтолқын Серікқызындай полицей менімен тығыз байланыс орнатып, бүгінде жанұямызда зорлық-зомбылық жойылды дейді арызданушы азаматша.

«Күнімізге күлкі, түнімізге тыныш ұйқы сыйлаған полицейге, мың алғыс! Отбасына амандық, жұмысына табыс тілеймін! Елімізде ешбір ана жыламасын», - деп, отбасындағы мамыражай күндері үшін Ақтолқын Кубегеноваға шынайы ризашылығын білдірді.

Елімізде, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер баршылық. Осындай жағдайдың алдын алып, жою мақсатында Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызмет етуде. Жоғарыдағы үш балалы ана, аталған топтың қызметкері арқылы отбасындағы мәселені шешіп, бақытты жанұя қатарына қосылуда. Бұл, расыменде полицей жұмысының нәтиже беруі болып табылады.