Түркістандық полицейлер толғағы қысқан әйелді қызметтік көлікте босандырып алды

0
1 346

Оқиға Түркістанға кіре беріс жолда орын алған.


Түркістандық полицейлер толғағы қысқан әйелді қызметтік көлікте босандырып алды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының тәртіп сақшылары толғағы қатты қысқан әйелді қызметтік көлікте босандырып алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Кентау ҚПБ Үшқайық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Нұрбол Темірханұлы мен полиция капитаны Бақтыбай Қалабаевқа Жалаңтөс ауылына қарасты «Коммунабаз» мал ауылының тұрғыны кешкі сағат 20:00 шамасында хабарласып, жедел-жәрдемге қоңырау соғып ала алмай жатқанын, әйелінің айы-күні жетіп, толғағы қысып қиналып жатқанын айтып көмек сұраған.

Сондай-ақ, тұрғынның қоңырауынан кейін полицейлер тез арада жиналып, Үшқайық ауылынан 50 шақырымдай алыста орналасқан мал ауылға барып, 21 жасар жүкті әйелді Кентау қаласындағы перзентханаға алып кеткен. Алайда, әйелдің толғағы қатты қысып, нәтижесінде Түркістанға кіре беріс жолда полицейлердің көмегімен қызметтік көліктің салонында ұл бала дүниеге келген. Содан кейін, көп ұзамай жедел-жәрдем бригадасы келіп, жаңа туған сәби мен ананы Түркістан қаласындағы перзентханаға жеткізген.

Айта кетейік, қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы.