Түркістандық спортшы әлемді тәнті етіп, толағалар сайысында топ жарды

0
260

130 келі бөренені 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты.


Түркістандық спортшы әлемді тәнті етіп, толағалар сайысында топ жарды

Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияға қарсы күресті күшейту бағытындағы заңға қол қойған болатын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды. Көрермен көз тіккен тартысты бәсекеде арыстық палуан қарсылас шақ келтірмей топ жарып, алтын медальды жеңіп алды.


Алыптар бәсекесінде 16 елден келген 16 палуан білектің күшін көрсетіп сынға түсті. Абсолют салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшылар бес сайыстан өзара мықтыны анықтады.


Атап айтқанда,100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту, 100 келілік қаппен отырып тұру, 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру, 130 келілік бөренені иығына салып, отырып тұру, салмағы 500 келі арбаны 10 метрге сүйреу бойынша сынға түсті.


Түркістан облысы, Арыс қаласының қайратты азаматы Азамат Мақұлбеков бөрене көтеру сайысында 130 келі бөренені 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ ауыр найзаны нысанаға лақтыру сайысында да ең үздік нәтижені көрсетті. Ақтық сында, Азамат Мақұлбеков 100 келі салмақтағы серкені 7 рет көтерді. Жарысқа қатысушылар ішінде салмағы ең аз болса да, жерлесіміз жарты тонналық арбаны құмның үстінде 12,9 метрге сүйреді. Қортындысында, Қазақстандық алып барлық кезеңде көш бастап, жеңімпаз атанды.


Жалпы алыптар бәсекесіне Испания, Үндістан, Қытай, Кувейт, Татарстан, Иран, Ресей қатарлы 16 мемлекеттен 16 спортшы бақ сынаған болатын.