Түркістандық түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

0
7 772

Түркістан қаласында 20 жыл бұрын бітірген түлектер қайырымды іс жасады.


Түркістандық түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

Түркістанда Қасиетті Рамазан айында 1982 жылғы түлектер игілікті істі қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістандық түлектер мұқтаж отбасыға үй салып берді. Түркістан қаласындағы Бекзат шағынауданында орналасқан үш мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер бірігіп мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді. Осыдан жиырма жыл бұрын №11 Ж.Жабаев, №18 Ж.Еділбаев, №31 Абай атындағы мектептерден түлеп ұшқан түлектер бас қосып қасиетті рамазан айында осындай игілікті істі қолға алуды бірауыздан мақұлдаған.

Жаңа баспанаға ие болған Бақтыбай Таубаев осы мөлтек ауданның тұрғыны. Денсаулығы жоқ жігіт анасымен бірге тұрады. Тай құлындай тебісіп бірге өскен сыныптастың бұл жайы достарын бұрыннан ойландырып жүрген көрінеді. 1982 жылы туған түлектер Рамазан айының алғашқы күндері іске кірісіп, жоспарлаған үйдің құрылысын бір айдың көлемінде аяқтады. 70 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін Оразаның соңғы күндерінде табыстап отыр. Бірігіп ауызашар беріп, жаңа үйде құран бағышталды. "Ер Бекзаттың інілері ізгілікті іс, ынтымақты көрсетіп елге үлгі болды " десті жерлестері.