Түркістандық тұрғын қарт әйелді өртеп жіберді

0
610

Барлығы 2 еркектің арасындағы жанжалдан басталған.


Түркістандық тұрғын қарт әйелді өртеп жіберді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Сайрам ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылдың 23 наурызында Сайрам АПБ-ға ауруханадан күйік шалған қарт әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру барысында Сайрам ауданында ауылдас 2 ер адамның арасында жанжал болғаны анықталды. Олардың бірі екіншісін ұрып, ал екіншісі мас күйінде өзіне қол көтерген тұрғынның үйіне келіп, аулаға кіріп, терезесін сындырған. Орын алған жанжал кезінде үйден шыққан жәбірленушіге мас тұрғын жанармай шашып, өртеп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өзара жанжалдасқан Сайрам ауданының 2 тұрғынын да ұстады. Бірінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша іс қозғалып, сот шешімімен кепілмен босатылған.

Ал, екінші тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, сол мезетте қамауға алынды. Аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.