Түркістандық жүзу шеберлері ел чемпионатында 5 медаль олжалады

0
120

Су айдынындағы бәсекеге 25 команда құрамында 284 спортшы түрлі бағдарлама бойынша сайысқа түсті.


Түркістандық жүзу шеберлері ел чемпионатында 5 медаль олжалады

Түркістанның жүзу шеберлері жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында 5 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық базасында жүзуден жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Елшілік додаға 2006 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер құрамасының ең мықты жүзушілері қатысты. Су айдынындағы бәсекеге 25 команда құрамында 284 спортшы түрлі бағдарлама бойынша сайысқа түсті.


Жарыс қорытындысында Түркістан облысының спортшылары табысты өнер көрсетті. Өңір мерейін асқақтатқан спортшылардың дені Су спорт түрлерінен облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар. Жүлде салған спортшылар қатарында Дария Токтобаева 200, 400 метр қашықтыққа кешенді жүзуден және 200 метрде шалқалай жүзуде қарсыластарын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақса, 400 метр еркін жүзуде екінші орын алды.


Ел чемпионатында жүлде салған тағы бір жерлесіміз – Шыңғысхан Балабек. Қаратөбе ауылының тумасы 1500 метрге еркін жүзуде қолаға қанағат етіп, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атанды.


Айта кетейік, 28 қазан мен 4 қараша аралығында Сингапурде өтетін әлем кубогы өтеді. Алматы төрінде осы сынға ересектер арасында іріктеу өтті. Облыс мақтаныштары София Сподаренко 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен, Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуден осы додаға жолдама алды.


Енді Түркістан облысының құрамасы аға жаттықтырушы Ж. Шалдарбеков пен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеевтің жетекшілігімен әлем чемпионатына және Қазақстанның қысқы чемпионатына дайындықты бастайды.